Пайдаланушының ұялы құрылғылар тізімін қарау

Пайдаланушының ұялы құрылғыларының тізімін көру үшін:

  1. Консоль ағашының Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасында пайдаланушыны таңдаңыз.

    Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.

  2. Пайдаланушы есептік жазбасының мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Пайдаланушының есептік жазбасы сипаттары терезесінде Ұялы құрылғылар бөлімін таңдаңыз.

Ұялы құрылғылар бөлімінде пайдаланушының ұялы құрылғыларының тізімін және ұялы құрылғылар туралы ақпаратты көруге болады. Файлға экспорттау түймесі арқылы файлдағы ұялы құрылғылар тізімін сақтауға болады.

Басына оралу